Қазақстан құрамасы Дэвис кубогі матчына дайындалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасы 4-5 наурызда Ослода Дэвис кубогінің Норвегиямен өтетін іріктеу матчына дайындықты бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар Ослода жаттығуға кірісті. Бұдан бұрын Норвегия астанасына Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Дмитрий Попко келсе, олардың қатарына Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик қосылды. Қазақстандықтар Дэвис кубогі аясында норвегиялықтармен алғаш рет кездеседі.

Жағдай мен үшін біршама қалыпты. Хард төсеніші екі командаға да қолайлы. Әзірлік қызу жүріп жатыр. Біздің құрама Норвегиямен ойынға нағыз бабында кіріседі деп ойлаймын, – деді Михаил Кукушкин.

Матчта жеңіп шыққан команда қыркүйек айында өтетін Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне (командалық әлем чемпионатына) жолдама алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы