Бүгiн 2026, 07:07 Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль алды

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Финалдық кезеңнің кешкі сессиясында үш боксшымыз алтын жүлде үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова Венгрия өкілі Жофия Сирамен кездесіп, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Кауе Белинимен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидоваға 5:0 есебімен жол берді.

Нәтижесінде ұлттық құрама қоржынында үш алтын, бір күміс және үш қола медаль бар.

Айта кетейік, бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Жібек Жарасқызы (80 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады. Осылайша ұлттық құрама жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. Бірінші орынға Бразилия ие болса (4 алтын, 5 күміс), екінші орынға Қытай тұрақтады (4 алтын, 1 қола).