Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді
5 маусым күні Минск қаласындағы "Динамо" Ұлттық олимпиадалық стадионында Беларусь – Қазақстан арасында жолдастық кездесу ойыны өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін құрамалар өзара жеті ойын өткізген. Оның төртеуінде Беларусь құрамасы жеңсе, екі ойын тең есеппен аяқталған еді. Ал бір ойында Қазақстан құрамасы жеңіп, 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының "С" дивизионына жолдама алған болатын.
Беларусь құрамасы мықты қарсыластардың бірі. Физикалық және тактикалық тұрғыдан дайындалдық. Бұл бірінші орындағы мәселе. Сондай-ақ, құраманың нәтижесі біз үшін маңызды. Ұлттық құрама атынан шыққан әрбір футболшы алаңда жанын салып, беріліп ойнау керек. Спорт мансабындағы тәжірибесін көрсетуі тиіс. Жанкүйерлер мен құраманың жаттықтырушылар тобы да жақсы нәжиже күтеді, - деді бап бапкер Әли Әлиев.
Ол сондай-ақ, құраманың ойыншыларына да қатысты пікірін білдірді.
Бірқатар ойыншыдан айрылып жатырмыз. Роман Асранқұловқа қолдау білдіргім келеді. Оның отбасында қайғылы жағдай болды. Әлібек Қасымда кішігірім жарақат бар. Ал Абат Айымбетов мүлде құрамда жоқ. Айбар Жақсылықовты пневмониямен келген соң жоғалттық. Оның орнына Рамазан Кәрімовты шақырдық. Алайда МРТ түсірілімінен кейін омыртқа бұлшық етінде жарақат анықталды, - деді бас бапкер.