Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола алды

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы су добынан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан жастар құрамасы Қытай командасымен кездесу өткізіп, 7:4 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында Егор Белоусов, Нұрасыл Сәтберген мен Кирилл Пантелеев ерекше ойын өрнегімен көзге түсіп, қарсылас команда қақпасына бірнеше гол салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзгелердің жаңалығы