Қазақстан құрамасы Авиценна атындағы биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысуда
9-14 маусым аралығында қазақстандық құрама команда Өзбекстанның Бұқара қаласында өтіп жатқан биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олимпиада бірінші рет екі кезең бойынша өтуде. Бірінші тур – теориялық, мұнда тест тапсырмалары беріледі, екінші турда практикалық жұмыстар жүргізіледі. Олимпиадада ел намысын қорғайтын қазақстандықтар:
Ғалымжан Бақтыбай – Астана қаласындағы «Білім-инновация» дарынды ер балаларға арналған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Амина Тынарбай – Қызылорда қаласындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Нұртөре Төреханұлы – Өскемен қаласындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға аналған облыстық мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы;
Аружан Алмашова – Қызылорда қаласындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Айғаным Балташова – Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Рауан Есен – Тараз қаласындағы «Білім-инновация» дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
Дана Амангелді – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы. Құрама команданың жетекшісі:
Асқар Мәжікенов – магистр, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, биологиядан құрама команданың жаттықтырушысы.