15 Тамыз 2026, 18:48 Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті?

Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатын жоғары нәтижемен аяқтады.

Қазақстандық ауыр атлеттер 59 медаль жеңіп алды. Оның 19-ы – алтын. Сондай-ақ спортшылар 16 рекорд жаңартты: 11 Азия және 5 әлем рекорды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Ең жоғары нәтиже көрсеткен спортшылардың бірі Снежана Кашкарова болды. Ол үш Азия және үш әлем рекордын жаңартты. Жарыс қорытындысы бойынша Снежана Кашкарова ауыр атлетикадан Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды.

Ксения Прозорова да екі әлем рекордын жаңартып, жоғары шеберлігі мен дайындығын көрсетті.