Қазақстан қоржынына тағы екі қола түсті

Қазақстандық, 18 жастағы Мария Бровкова Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мария Бровкова бір адамдық каноэда 200 метр қашықтықта мәре сызығын үшінші болып қиды. Қытай спортшысы чемпион атанса, таиландтық ескекші екінші келді.

Бұл – батысқазақстандық Мария Бровкованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Ол кеше Руфина Искаковамен бірге 500 метр қашықтықта жұптасып каноэ есуде күміс медаль олжалаған болатын.

Сондай-ақ Рината Сұлтанова даАзия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы