Бүгiн 2026, 17:17 Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан қоржынына тағы бір алтын: Санжар Тәшкенбай топ жарды

Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын жүлдені Санжар Тәшкенбай еншіледі.

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.

Спортшы Қазақстан құрамасына 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль сыйлады. Финалда Тәшкенбай Өзбекстан өкілі Асилбек Жалиловпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жүлде Қазақстан құрамасының аталған Әлем кубогы кезеңіндегі төртінші алтын медалі болды.

Бұған дейін өз салмақ дәрежелерінде Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) турнир жеңімпазы атанған еді.

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан жарыс әлі жалғасуда. Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде жүлделер үшін күресін жалғастырып жатыр.