«Қазақстан» қонақ үйінің жанындағы субұрқақ бұзылып жатыр ма?

Алматы қаласының әкімдігі «Солтүстік тостаған» субұрқағы жеке меншікке тиесілі екенін атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде «Қазақстан» қонақ үйі жанындағы субұрқақ бұзылып жатқанын айтып шағымдануда.

Қонақүйдің маңайында саябақ бар. Қаланың ең көрікті орны - «Қазақстан» қонақ үйі. Маңайындағы субұрқақ көңілімізді сергітетін, оның бұзылып жатқанына наразымын. Бұл қаланың көркін кетіріп, сәнін бұзады, – дейді Сәуле есімді қала тұрғыны.

Алматы қаласының әкімдігі танымал «Қазақстан» қонақ үйі жанындағы субұрқақтың құрылыс жұмыстарына қатысты пікір білдірді.

Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының деректері бойынша "Солтүстік тостаған" субұрқағы жеке меншік болып табылады және «Қазақстан» қонақ үйінің жер учаскесінде орналасқан (20-315-015-198). Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жобалау алдындағы құжаттама берген жоқ, – дейді қала әкімдігі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Дежурный по городу парқшасынан
Өзгелердің жаңалығы