Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуді қысқартады
Қашағандағы жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай экспорты уақытша азаяды.
Алдағы айларда Қазақстан Каспий құбыр консорциумы жүйесі арқылы Еуропаға мұнай экспортын азайтады. Бұған Қашаған кен орнындағы техникалық жұмыстар себеп болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, маусым айында КҚК арқылы тасымалданатын мұнай көлемі қазіргі тәулігіне 1,7 млн баррельден 1,3–1,4 млн баррельге дейін төмендейді.
Экспорт көлемінің қысқаруы Қашағандағы жөндеу жұмыстарына байланысты. Техникалық қызмет көрсету кезеңінде Қазақстан мұнай өндірісін уақытша азайтуға мәжбүр болады. Соған сәйкес экспорт көлемі де төмендейді.
Кен орнындағы жұмыстар мамыр айының соңында басталып, маусымның соңына дейін жалғасады. 2025 жылы Қашағандағы орташа өндіріс көлемі тәулігіне шамамен 390 мың баррель болған.
Мұнай жеткізілімінің азаюы Еуропа нарығындағы жағдайды күрделендіруі мүмкін. Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізетін ірі елдердің бірі саналады және Еуроодақ нарығына экспорт көлемі бойынша екінші орында тұр.
Қазіргі уақытта Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттары шикізат тапшылығын сезініп отыр. Олар Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан азайған жеткізілімдердің орнын толтыруға тырысып жатыр.
Осы жағдай аясында Еуроодақ елдерінде бензин мен авиаотын бағасы өскен. Кей жағдайларда әуе компаниялары рейстердің бір бөлігін тоқтатуға мәжбүр болған.
Қашаған кен орнын игеру консорциумына қатысушылар:
- KMG Kashagan B.V. (Қазақстан) – 16,877%
- Shell Kazakhstan Development B.V. (Нидерланды) – 16,807%
- TotalEnergies EP Kazakhstan (Франция) – 16,807%
- Agip Caspian Sea B.V. (Eni) (Италия) – 16,807%
- ExxonMobil Kazakhstan Inc. (АҚШ) – 16,807%
- CNPC Kazakhstan B.V. (Қытай) – 8,333%
- Inpex North Caspian Sea Ltd. (Жапония) – 7,563%
2025 жылдың тамызында Қазақстан Қашағандағы мұнай өндіруден небәрі 650 млн доллар алғаны, ал акционерлердің пайдасы 2 млрд долларға жеткені хабарланған болатын.
Бұған дейін Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытыны салынатыны айтылған еді.
- Күндегі қуатты жарқылдардан кейін магниттік дауыл өршіді 11:52
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49
- Астанада бұған дейін жабық болған «Жібек жолы» LRT станциясы ашылды 09:24
- Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:54