Қазақстан қандастардың зейнетақы құқығын қорғайды

Қазақстан Моңғолиядан келетін қандастарға әлеуметтік қолдау көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатта «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң мақұлданды.

Белгілі болғандай, қаралып отырған заң – осы халықаралық келісімді ратификациялауды көздейді.

Келісімнің мақсаты – азаматтық тұлғаларға зейнетақы төлемдерін тағайындау саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу. Атап айтқанда, ынтымақты зейнетақы саласында еңбек өтілін өзара тану, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңдері мен жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарында оқу уақытын еңбек өтіліне есепке алу тетіктері қарастырылады. Сондай-ақ Келісіммен Қазақстан мен Моңғолия арасында жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша ынтымақтастықтың жаңа формасы көзделіп отыр. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқа мемлекеттің аумағында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған, - деп атап өтті сенатор Амангелді Есбай.

Аталған келісім шеңберінде зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін екі елдің аумағында жинақталған еңбек өтілін растау тәртібі бекітіледі.

Осы Келісім шеңберінде зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін екі елдің аумағында жинақталған еңбек өтілін растау тәртібі бекітіледі. Бұл азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау тұрғысынан маңызды қадам болып саналады.

Келісімде уәкілетті органдар ретінде Қазақстан тарапынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Моңғолия тарапынан – Отбасы, еңбек, және әлеуметтік қорғау министрлігі айқындалған.

Келісімді ратификациялау екі ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарын қамтамасыз етіп, Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының көшу немесе тұрақты тұру жағдайында еңбек өтілін тануға және есепке алуға мүмкіндіктер береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы