18 Наурыз 2022 2022, 07:10

Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 наурызда республиканың 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 наурызда республиканың 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жұма күні Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Петропавл қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.