10 Шілде 2023 2023, 07:38 Фото: архив

Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам

10 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

10 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, тек Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында ауа сапасы біршама нашарлап, қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.