Қазақстан Президенті іссапармен Ресейде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде шетелге алғашқы сапарын Ресейге жасады.Президент борты "Внуково-2" әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де келді.
Басқышта Мемлекет басшысын Ресей Сыртқы істер министрлігі хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алды.
Ал құрметті қарауыл екі елдің әнұранын орындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.
Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі мәдени-гуманитарлық, саяси, сауда-экономикалық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.
Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда тағы бірнеше көше реконструкцияланады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы