Президент ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына биылғы бірінші жартыжылдықтағы елдегі Конституциялық заңдылықтардың сақталуын бақылау жөнінде мәлімет берілді. Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы барлық іс-шаралар Конституцияға сәйкес өткізілген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қайрат Мәмиге Конституциямыздың толық әлеуетін әлі де кеңірек қолдануға, азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды назарда ұстауға тапсырма берді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы