Қазақстан президенті мен Германия канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға баса мән берілді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель келіссөз жүргізді.



Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті. Қазақстанның, Германияның және Еуропалық Одақтың тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды.  

Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан президенті мен Германия канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. 


Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болды. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы