Қазақстан премьер-лигасының 21-туры ең көп көрерменді жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 21-турын 32600 адам тамашалады. Орташа есеппен әр ойынға 5433 көрермен қатысқан.
Бұл турдағы ең көп көрермен «Ақтөбе» – «Жетісу» ойынында тіркелді. Матч 1:2 есебімен «Жетісудың» пайдасына шешілді. Ал ойынға 10 000 көрермен келген.
Көрермен аз жиналған ойын Қызылордадағы «Қайсар» – «Оқжетпес» кездесуі – 3 500 көрермен.
Бұған дейін премьер-лиганың 2019 жылғы маусымындағы көп көрермен 1-турда тіркеліп еді. Маусымның алғашқы турында стадионда жалпы саны 30 000 адам болған.
Премьер-лиганың 21-турындағы көрермен саны:
1. «Ақтөбе» – «Жетісу» (1:2) - 10 000 көрермен;
2. «Шахтер» – «Астана» (1:0) - 7 000 көрермен;
3. «Атырау» – «Тобыл» (0:1) - 4 500 көрермен;
4. «Тараз» – «Ордабасы» (1:0) - 4 000 көрермен;
5. «Ертіс» - «Қайрат» (0:2) - 3 600 көрермен;
6. «Қайсар» – "Оқжетпес" (0:1) - 3 500 көрермен.