Қазақстан Паралимиаданы 17-ші орынмен аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бейжіңдегі Паралимиаданың жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан құрамасы бұл әлемдік бәсекені бір қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды prosports.kz.
Қорытынды медальдік есепте Қазақстан Австралия және Швейцария құрамаларымен 17-ші орынды бөлісті (барлығында бір қоладан).
Әлемдік додада Қытай командасы көшбастаса, украиндықтар ІІ-орынды еншіледі. Ал Канада ТОП-3-ті түйіндейді.
Қазақстан үшін жалғыз қола медальді парабиатлонда Александр Герлиц сыйлады. Сонымен қатар спортшы парабиатлондық және паралимпиадалық жарыстарда, сондай-ақ эстафетада үш рет бесінші орынға ие болды.
Бейжіңдегі ойындарда Қазақстан атынан бес спортшы қатысты. Олар: Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы