Қазақстан пандемияға дайындықты бастады
Қазақстанда пандемия қорының жобасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бүкіләлемдік банк қолдауымен Қазақстандағы Пандемиялық қор жобасының тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға қатысқан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова оның маңыздылығын айтты.
Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шараның Қазақстан үшін маңызы жоғары. Әр ел пандемияны өзінше жеңіп шықты. Дұрыс дайындықтың жоқтығынан біз де біршама азаматтарымыздан айырылдық. Сондықтан бүгінгі жоба барлық ел үшін маңызды болмақ. Қауіп болған. Әлі де бола береді. Сол себепті біз пандемия болған жағдайда толық дайын болуымыз керек,-деді министр.
Сондай-ақ министр осы пандемиялық қор жобасын құруда Қазақстанның болғаны дұрыс шешім.
2023 жылы Пандемиялық қор басқарушыларының кеңесі, Қазақстанды қоса, 37 елде келешек пандемияларға төзімділікті арттыруға бағытталған гранттардың бөлінуін мақұлдаған. Пандемиялық қор гранты Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі, әсіресе, эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және жауап беру, сондай-ақ персоналды оқытып-үйрету саласындағы ең зор маңызды міндеттерді шешуге бағытталған жоба, - деді Ақмарал Әлназарова.