Қазақстан-Өзбекстан арасындағы тауар айналымы төмендеп кеткен

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналым өткен жылға қарағанда 0,6% төмендеген. Бұл туралы kursiv.kz хабарлады.

Өзбекстандағы ҚР-ның елшісі Дархан Сатыбалдының айтуынша, екі елге де тауар айналымды өсіру тұрғысында жұмыс істеу қажет. Өзбек-қазақ іскерлік кеңесі барысында ол екі ел арасында жасалған келісімге ықылассыз қарау тенденциясы бар екенін атап өтті.

Осы жылдың қаңтар-маусым аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд долларды құраған. Оның ішінде Қазақстан көрші елге 994 млн доллардың тауарын экспорттаған, ал Өзбекстан 367 млн доллардың өнімін жеткізген.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың мәліметінше, елімізде Өзбекстанға экспорттауға болатын 70-ке жуық өнім бар. Олардың қатарында ауыл шаруашылық өнімдері, минералды және өзге де тауарлар бар. Оның пікірінше, екі ел арасындағы тауар айналымды 2020 жылы 5 млрд долларға дейін жеткізуге болады.

Көрші өзбек еліне экспортталатын тауардың басым бөлігін ұн, астық, мұнай мен газ құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы