Қазақстан-Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 638 млн долларға артты

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 3,4 млрд долларды құраған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 638 млн долларға көп. 

Бұл туралы Өзбекстан Мемлекеттік кеден комитетінің кедендік бақылау басқармасының басшысы Рустам Кобілов мәлімдеді, деп жазды Курсив басылымы.

Оның айтуынша, өткен жылы Өзбекстаннан Қазақстанға 1,487 млрд доллар мөлшеріндегі 40 тауар түрі экспортталған, ал Қазақстаннан 1,9 млрд доллар сомасында 38 тауар түрі жеткізілген. Осы аралықта екі елдің шекара кеден бекеттерінен 16,2 млн адам және 718,1 мың көлік өткен. 

Қазір өзбек-қазақ шекарасында тоғыз кедендік өткізу бекеті жұмыс істеп тұр. "Яллама" (Қонысбаев) өткізу бекетінің өзбек жағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бекет іске қосылғанда күніне 1 мың жүк көлігін өткізуге қауқарлы. Ірі транспорттық дәлізді іске қосу 2020 жылдың ортасына жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы