Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы құжат жобасы жасалды
Қазақстан – Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобалар пакетін қалыптастыру аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылғы 25 шілде – 5 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады. Келесі кездесу Өзбекстан Республикасында дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде өтеді, - делінген министрліктің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шахмат Олимпиадасында әйелдер құрамасы тағы жеңіске жетті
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы