Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 24-28 қаңтарда Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының 92-ші отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді жалғастырды, - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы