Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда
Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды.
Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ираннан өз азаматтарын аман-есен алып шыққаны хабарланған.