Қазақстан Орталық Азияның әлемдік аренадағы рөлін арттыру мақсатындағы стратегиялық бағытына берік – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіндегі баяндамасы басталды.

Геосаяси турбуленттілік пен әлемдік экономиканың тұрақсыз кезінде жағдайында біздің кездесуіміз Орталық Азия елдерінің біртұтастығын көрсетеді. Жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге бірлесе қарсы тұруға деген ортақ ұмтылыс осының дәлелі. Біздің қарым-қатынастарымыздың ерекше сипаты бүгін қабылданған мазмұны мен тарихи перспективасы жағынан бірегей болатын ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту жөніндегі Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартта бекітілген. Бұл тарихи құжат біздің бес бағыттағы стратегиялық серіктестігіміздегі жаңа белесті белгілейді, - деді Тоқаев.

Президент Қазақстанның аймақтық ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға, Орталық Азияның әлемдік аренадағы рөлін арттыру мақсатындағы стратегиялық бағытына берік екенін айтты.

Менің ойымша, бүгінгі таңдағы Орталық Азияның ең маңызды миссиясы жаһандық саясат пен экономиканың бәсекелес полюстері арасында көпірлер орнату, - деді Мемлекет басшысы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы