Қазақстан Орталық Азияны көлік-логистикалық торапқа айналдыруға ұмтылады
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» тақырыбында өтіп жатқан форумда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық Азия - Азияның ажырамас маңызды бөлігі. Бұл өте қарқынды дамып келе жатқан өңір. Өңірде 77 млн халық бар. Сондай-ақ ЖІӨ-мі 350 млрд долларға жуық. Қазақстан Орталық Азияның экономикалық, көлік, логистикалық, сауда және технологиялық әлеуетін ашуға бағытталған түрлі бастамалар арқылы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді. Астананың өңірлік тұрақтылыққа, өркендеуге және қауіпсіздікке келісілген іс-қимылдар арқылы ғана қол жеткізуге болатынына күмәні жоқ, - деп айтты Сыртқы істер министрі.
Мұрат Нұртілеудің пікірінше, ХХ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатында достық пен тату көршілік, ынтымақтастық туралы шарт күшіне енген.
Қазақстан Орталық Азияны еуразиялық көлік-логистикалық торапқа айналдыруға ұмтылады. Біз Транскаспий халықаралық көлік бағытын қоса алғанда, солтүстік-оңтүстік және шығыс-батыс бағыттарында трансқұрлықтық көлік дәлізін дамытуды қолдаймыз және жалғастырамыз, - дейді СІМ басшысы форумда.