21 Шілде 2026, 20:59 Фото: ©BAQ.KZ

Қазақстан Орталық Азияда трансплантология бойынша көш бастап тұр

Трансплантациясы тақырыбына арналған фильмнің шығуы операцияларға мұқтаж пациенттерді ақпараттандыру үшін өте маңызды.

Қазақстан Орталық Азияда трансплантология саласы бойынша көшбасшы орындарға ие, бірақ жасалатын операциялардың саны пациенттердің қажеттілігінің аз ғана бөлігін жабады. Бұл туралы «4739» деректі фильмінің тұсаукесерінде белгілі қазақстандық кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Пя айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Профессордың айтуынша, ағза донорлығы мен трансплантациясы тақырыбына арналған фильмнің шығуы қоғамды және осындай операцияларға мұқтаж пациенттерді ақпараттандыру үшін өте маңызды.

Ең бастысы, мұндай фильмнің жарыққа шыққаны өте қуанышты жайт. Бұл ақпаратты барлық адамның, әсіресе ағзаны трансплантациялау сияқты процедураға мұқтаж жандардың білуі маңызды, – деді Юрий Пя.

Ол қажеттілік тек жүрек пен өкпені ауыстыруда ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек және басқа да ағзалар бойынша бар екенін атап өтті.

Трансплантологияның дамуы туралы айта келе, кардиохирург бүгінде Қазақстанның Орталық Азияда көшбасшы екенін баса айтты.

Бiр жағынан, Орталық Азияда көш бастап тұрғанымызды мақтан тұта аламыз. Бірақ екінші жағынан, әрине, басқа республикалардың бұл процеске әлі қосылмағаны өкінішті. Өйткені мұндай пациенттер барлық жерде бар, – деді ол.

Маманның айтуынша, басты мәселелердің бірі – донорлық болып қала береді. Оны тірідей донор болу (адам бүйректің, бауырдың немесе өкпенің бір бөлігінің доноры бола алатын кезде) және қайтыс болғаннан кейінгі донорлық деп бөлуге болады.

Сонымен қатар, дәл осы қайтыс болғаннан кейінгі донорлық мәселесі ең өзекті болып отыр.

Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін, тек қайтыс болғаннан кейінгі донорлық кезінде ғана мүмкін болатын алғашқы жүрек трансплантациясы жасалғаннан бері 14 жыл өтті. Міне, 8 тамызда тура 14 жыл болады және бүгінгі күні біз 100-ден сәл ғана асатын жүрек трансплантациясын орындадық. Бір жағынан, әрине, осының артында адамдар тұр. Екінші жағынан, бұл қажеттіліктің өте аз бөлігі, – деді Юрий Пя.

Кардиохирургтың пікірінше, жағдайды өзгерту үшін ең алдымен қоғамның донорлыққа деген көзқарасын өзгерту қажет.

Бiріншісі – адамдардың санасы өзгеруі тиіс. Міне, осындай іс-шаралар, меніңше, аздап болса да, қадам сайын адамдардың санасын оң бағытқа өзгертеді, – деп атап өтті ол.

«4739» деректі фильмі ағза трансплантациясын күтіп жүрген қазақстандықтардың тағдырына, сондай-ақ елдегі донорлықты дамыту мәселелеріне арналған.

Фильмнің тұсаукесері 24 шілдеде сағат 19:30-да 24 телеарнасында өтеді.

Бұғани дейін Астанада донорлық ағзаға мұқтаж жандар туралы фильм көрсетілгені хабарланды.