Қазақстан орнықты дамуға үнемі қолдау көрсетіп келеді - Микаэла Фриберг-Стори

Бұл туралы БҰҰ Тұрақты Даму Саммиті қарсаңындағы дипломатиялық корпус өкілдері қатысуымен өткен брифингте БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келесі аптада Нью-Йоркте саммит өтеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы жаңадан сенімді жүзеге асырып, ынтымақтастықты дамыту керегін айтты. Қазақстан мультилатерализмге және орнықты дамуға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар БҰҰ-ның Жарғысын орындауға үлес қосып келеді, - деп айтты ол.

Микаэла Фриберг-Стори бүгінгі отырыста Қазақстанның даму мақсаттары бойынша жеткен жетістіктері туралы сөз болатынын жеткізді.

2015 жылы мемлекет басшылары тұрақты даму бағдарламасын қабылдау үшін жиналған болатын. Бүгінгі күні біз орта жолға жеттік. Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін 7,5 жылға жуық уақыт қалды. Бұл саммит осы мақсаттарға жетуді жылдамдату үшін өткізілгелі отыр. Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде үлкен жетістіктерге жеткені сөзсіз. Біз Қазақстанға алға қойылған мақсаттарға барынша қолдау көрсетеміз. Бірнеше мысал кетіре кетейін, біз ана өлімінің төмендегенін көріп отырмыз. Бірақ онымен қоса кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүретін халық бар, - деп атап өтті БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі.

Ол Қазақстан тұраұты даму мақсаттарына қол жеткізетініне сенімін білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы