Чемпионатқа әлемнің 25 елі мен өңірінен 375 команда жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар үш екінші, бес үшінші орынға ие болып, 15 арнайы жүлде жеңіп алды.
II орын:
• RoboRangers: Harmony School, Астана қаласы;
• SBIL·LION·AIRES: «Білім-Инновация» лицейі, Семей қаласы;
• KAZBOTS: Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы және №221 «Келешек» жалпы білім беретін мектебі, Алматы қаласы.
III орын:
• Smart Sisters: «Айсаф» мектеп-гимназиясы, Алматы қаласы;
• TechnoKids: KERN School, Астана қаласы;
• StarDust: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қаласының Медеу ауданы;
• FlashForce: «Білім-Инновация» IT лицей-интернаты, Щучинск қаласы;
• ASTRIX: «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицейі, Қарағанды қаласы.
Арнайы жүлделер:
• Nomadic Dragons Jr. West: Challenge Solution Award, Haileybury Astana School, Астана қаласы;
• Nomadic Dragons Jr. East: Team Poster Award, Haileybury Astana School, Астана қаласы;
• OtAi: Coding Award, №290 «Келешек мектебі», Қызылорда қаласы;
• Einsteins: Team Poster Award, Республикалық физика-математика мектебі, Орал қаласы;
• Future IT: Team Poster Award, Future-IT робототехника мектебі, Талдықорған қаласы;
• Bad guys: Coding Award, LEAS оқу орталығы, Алматы қаласы;
• RoboDiggers: Coding Award, Sana School, Орал қаласы;
• Digital Nomads: Team Model Award, «Сатурн» робототехника мектебі, Павлодар қаласы;
• Saturn: Challenge Solution Award, №213 «Келешек мектебі», Алматы қаласы;
• Future Axions 218: Core Values Award, №218 «Келешек мектебі», Алматы қаласы;
• Ancient T-Rex: Breakthrough Award, «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Қарағанды облысы;
• PEAK: Robot Performance Award, PhysTech School Almaty, Алматы қаласы;
• Silicon Steppe: Outstanding Team Award, Silicon Steppe School, Алматы қаласы;
• Orchid: Core Values Award, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қаласының Медеу ауданы;
• SKILLSET: Core Values Award, SKILLSET SCHOOL, Астана қаласы.
Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, Қазақстан командалары робототехника, бағдарламалау, құрастыру және жобалық жұмыс бағыттары бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
FIRST LEGO League - оқушылардың инженерлік, зерттеушілік және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған халықаралық білім беру бағдарламасы.
Қазақстанда жыл сайын USTEM Foundation қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 150-ден астам жарыс өткізеді.