Бүгiн 2026, 16:02 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстан оқушылары демалысқа шығады

Ертең оқушыларда көктемгі демалыс басталады.

19 наурызда Қазақстан оқушылары көктемгі демалысқа шығады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады, - деді министрліктен. 

2026 жылғы көктемгі демалыс 19 наурыз бен 29 наурыз аралығында, барлығы 11 күнге созылады.

Айта кетейік, бүгін демалыс алдындағы соңғы оқу күні.

30 наурызда оқушылар мектепке қайта оралып, төртінші тоқсанды бастайды. 

Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды.

Бекітілген күнтізбеге сәйкес, төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға жалғасады және 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Одан кейін жазғы демалыс басталады.