Қазақстан онлайн қызметтер көрсету бойынша 8-орында - Мусин
ҚР ЦДИАӨМ министрі БағдатМусин стратегиялық бастамалар форумында еліміздегі цифрлық технологияларға тоқталып өтті деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір цифрлық платформалар қызметтер көрсетуде ең тиімді жолды табуға ықпал білдіріп отыр. БҰҰ әзірлеген рейтинг бойынша Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 65-орында, ал онлайн қызметтер көрсету бойынша 8-орында. Бізге позицияға емес, даму үрдісіне акцент қою керек,-деді Мусин.
Өз сөзінде денсаулық саласына бірнеше проактивті қызмет ұсынылатынын айта кетті.
Цифрлық даму туралы айтатын болсам, денсаулық сақтау саласы ерекше назар аударуды қажет етеді. Біз 7жыл ішінде денсаулық сақтау саласының тиімді болуына, ең маңыздысы индивидуалды дамуына күш-жігерімізді салып келеміз, саламыз да. Сол себепті салаға цифрлық трансформация керегі сөзсіз. Әр адам, әр отбасы мемлекеттің назарында,-деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған стратегиялық бастамалардың Форумы өтіп жатыр. Форумның басты тақырыбы- #Qazaqstan2029.