Қазақстан өңірдің басты логистикалық хабы ретіндегі мәртебесін растады

Бүгін Қытайдан келген жүк көлігі Қазақстандағы "Нұрлы жол" кеден бекеті арқылы TIR жүйесімен рәсімделіп, транзитпен Ресей шекарасына жол тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жағдай Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік-логистикалық дәліздердің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеп отырғанын дәлелдейді.

Қазіргі уақытта еліміз арқылы әлемдегі ең ірі сегіз көлік бағытымен жүк тасымалы жүзеге асырылады. Орталық Азияның экономикалық орталықтарының бірі болып саналатын Қазақстан алдағы жылдары электронды коммерция көлемінің өсуін және логистикалық сервистердің дамуын күтеді.

Бұдан бөлек, «Құрық» порты арқылы Қытайдың HPF компаниясы Азия мен Орталық Азиядан Еуропаға жүк жеткізіп отыр. Бұл Қазақстанның жаһандық сауда инфрақұрылымындағы маңызды буын екенін айқындайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы