Қазақстан өнеркәсібіне жасанды интеллект енгізу мәселесі талқыланды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте елдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу жайы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, салалық бірлестіктер мен ірі кәсіпорындардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде өнеркәсіпте ЖИ-ды қолданудың қазіргі ахуалы, цифрлық технологиялар негізінде өңдеуші секторды дамыту жолдары және алдағы жоспарлар талқыланды.

Жасанды интеллектіні енгізу – бұл жай ғана технологияларды жаңғырту емес, бүкіл экономика үшін стратегиялық қадам. Қазақстан өз өнеркәсібінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті жеке сараптамасы мен шешімдерін қалыптастыруы тиіс, - деді Роман Скляр.

Кеңесте отандық технологиялық шешімдерді өндіріске енгізу және озық халықаралық тәжірибемен алмасу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Жоспарланған шаралар өндіріс үдерістерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, еңбек өнімділігінің өсуіне және Қазақстанның индустриялық даму көшбасшылары қатарындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы