Қазақстан - Норвегия ойыны: Алматыдағы жанкүйерлер

Бүгін 19:00-де Алматы Орталық стадионында УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасында матч өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

20 тамыз күні сатылымға шыққан бұл матчтың билеттері бір тәулік ішінде толық өтіп кеткен. Дегенмен ойынның билеттерін ала-алмаған жанкүйердің қарасы қалың. Алыпсатарлар ойдан шығарылған аты-жөндермен алдын ала билеттерді сатып алып, қымбат бағада сатып жатқан көрінеді.

Ресми мәліметке сәйкес, матч билеті 2-10 мың аралығында тек онлайн сатылған. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет матчы басталуына 2 сағат қалғанда көрсеткен поштаға келетінін хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы