Qazaqstan NEXT 2026: Отандық брендтердің жаһандық нарыққа шығу әлеуеті талқыланды

Елордада өтіп жатқан Qazaqstan NEXT 2026 форумында Қазақстандағы жергілікті брендтердің дамуы және олардың халықаралық нарыққа шығу әлеуеті талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумның модераторы модераторлық тізгінін ұстаған Qazcontent АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек NielsenIQ Стратегиялық аналитика және инсайттар бағытының басшысы Эдита Асакавициенеге жергілікті брендинг, жергілікті брендтер туралы сұрақ қойды.

Қазақстандағы жергілікті брендтерде қандай трендтерді байқап жүрсіз және олар халықаралық нарықтарға қалай шығып жатыр? Әсіресе қай сегменттерде отандық брендтер көш бастап тұр деп ойлайсыз? Мысалы, күнделікті тұрмыстық тауарлар ма, сән индустриясы ма, әлде басқа салалар ма? Тұтынушыларға сүйене отырып айтар болсақ, жергілікті брендтердің дамуын қалай бағалайсыз? Қазақстанда бұл бағытта үлкен серпіліс жасауға мүмкіндік бар деп ойлайсыз ба? Егер олардың қай бағытта кеңейіп жатқанын қарасақ, ең үлкен әлеует қай жақта? – деп сұрады Айна Задабек сарапшыдан.

Эдита Асакавициене ең алдымен бьюти индустриясында, сән саласында әлеует өте жоғары екенін атап өтті. 

Бұл бағыттарда сіздердің позицияларыңыз мықты. Әсіресе халықтың басым бөлігі жастар екенін ескерсек, потенциал тіпті көп деп ойлаймын. Жастар жергілікті деңгейде Қазақстанда өнім жасап жатқанда, ол көп жағдайда қазіргі трендтерді де, сұранысты да көрсетіп тұрады. Сондықтан трендтеріңіз жақсы, бастысы – қажеттіліктерге назар аудару керек. Бұл – менің жеке пікірім, - деп жауап берді Асакавициене.

Сондай-ақ Qazcontent АҚ басқарма төрағасы шетелдік спикерден 2026 жылға қатысты әлеуметтік тұрғыдан қандай шешімдер қабылдайтынын сұрап, CEO болса, не істейтініне қызығушылық білдірді.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Егер CEO болсам, алға қарай қозғалысты тоқтатпау керек дер едім. Әрдайым өзгерістердің қай жаққа кетіп бара жатқанын түсіну қажет. Бұны, бәлкім, мен айтқан презентациямен байланыстыруға болады. Мықты іргетас құру керек, бренд қалыптастыру керек. "Қазір және дәл осы жерде тез пайда табамыз" деген бағытқа емес, алдағы табысқа негіз болатын берік іргетас жасауға ұмтылу керек, - дейді Эдита Асакавициене.

Форум барысында Айна Задабек:

Сіз жаңалықтардан Қазақстандағы тұтынушылар Google-ды аз қолданып, жасанды интеллект құралдарын көбірек пайдалана бастады деп атап өттіңіз. Жасанды интеллект туралы сұрақ та болды. Мен сұрағым келеді: сіздің ойыңызша, Қазақстандағы тұтынушылар AI ұсынымдарына брендтердің таратып жүрген месседждерінен көбірек сене ме? Бұл тұтынушының адалдығына қалай әсер етеді? – деген сауал жолдады сарапшыға.

Ең алдымен бір нәрсені түсінуіміз керек: жасанды интеллект ақпаратты интернеттен алады. Яғни бренд не жариялап, не таратып отырса, ол интернетте болады, және бұл чаттар сол ақпаратты алып, қолдануы әбден мүмкін. Сондықтан коммуникация өте маңызды. Интернетте ақпарат қаншалықты көп болса, чаттардың сол ақпаратты алып, пайдалануы да соншалықты ықтимал.

Сол себепті біз осы нәрсені әрдайым естен шығармауымыз керек. Сондықтан мен бұл жерде Google-мен параллель келтіремін: бұрын біз Google іздеу сұранысына қарай ақпаратты қалай шығарып береді, соны үйренетінбіз. Енді біз жасанды интеллект бұл ақпаратты қалай қолданады және оны қалай ұсынып береді, соны түсінуіміз керек, - дейді Эдита Асакавициене.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанда, Батыс Еуропамен салыстырғанда, тұтынушылар жасанды интеллект құралдарын көбірек қолданады және ақпарат беру тұрғысынан AI-ға көбірек сенеді.

Сол себепті тұтынушыға өз брендіңіз туралы қандай ой қалыптастырғыңыз келсе, соны дұрыс жеткізуді ескеру өте маңызды. Сондай-ақ өзіңіз нені көргіңіз келетінін де нақты түсінуіңіз керек. Біз "бәрінен бас тартып, тек физикалық дүкендерге ғана сену керек" деп отырған жоқпыз. Әлеуметтік желідегі қатысу, интернеттегі қатысу, бренд амбассадорлары және тағы басқа құралдар бар екенін түсінуіміз керек. Мұның бәрі сторителлингке және тұтынушы тәжірибесіне тікелей байланысты, - деді сарапшы.

Айта кетерлігі, Qazcontent АҚ – форумның ресми медиасеріктесі болып отыр.

Бұған дейін New York Times басылымының Licensing Group жаһандық лицензиялау және баспа инновациялары бөлімінің басшысы Майкл Гринспон Қазақстанмен әріпстестікті жоғары бағалайтынын айтты. Ол идеялар қағазда қалмай, әрекетке айналуы керек екенін алға тартты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы