Қазақстан нарығына екі шетелдік банк кіруі мүмкін
Қазақстан нарығына екі шетелдік банк кіргелі жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тағы екі банк Қазақстанның нарығына келуді қарастырып жатыр. Оның ішінде біреуі Біріккен Араб Әмірліктерінен «Абу-Даби коммерциялық банкі». Оның қазір тек қана исламдық кредит операцияларымен айналысатын банкі бар. Енді ол бізден әмбебап лицензия алып, осындай әмбебап банк ашайын деп жатыр, – деді Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейінҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жаңа банк жобасын таныстырған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы