Қазақстан мұнай өндіруді арттырады
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде жыл соңына дейін мұнай-газ-химия өнімдерін өндіруді 75 пайызға ұлғайту көзделіп отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл 4 ай қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 213,1 мың тоннаға жетті. Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалады. Сонымен қатар, министрлік жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту жөнінде бірқатар шара қабылдауда, бұл жыл соңына дейін 628,3 мың тонна мұнай – газ-химия өнімін шығаруды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75 пайызға өндірісті арттыруды қамтамасыз етеді, - деді Сәтқалиев Үкімет отырысында.
Ол Қазақстанда мұнай химиясы саласында бес жыл ішінде құны $14,3 млрд болатын бірнеше ірі жоба іске асырылатынын атап өтті.
Мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту елдің экономикалық өсуінің негізі. Министрлік осы бағытта кешенді жұмыс жүргізуде. Оның ішінде 2029 жылға дейін құны шамамен 14,3 млрд доллар болатын 5 ірі жобаны іске асыру жоспарлануда. Осы жобаларды іске асыру экономиканың жыл сайынғы өсімін 1,5 пайызға арттыруға, сондай-ақ 20 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде құрылыс кезеңінде 17 мың және пайдалануға берілген соң 3 мың жұмыс орны құрылады, - деді Энергетика министрі.
Үкімет отырысында Олжас Бектенов шұғыл тапсырма бергені туралы жазғанбыз. Вице-премьер Қанат Бозымбаев 9 мың бүлінген үй қалпына келтірілгені туралы айтты.