"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Байқау мұғалімдердің академиялық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызды, қоғамдық қызметтегі ерекше жетістіктерін атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік жобаларда мұғалімнің жұмыспен қамтылуы балаларды біріктіруге, олардың өзара іс-қимылын шығармашылықпен, біліммен толтыруға мүмкіндік береді және өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына әсер етеді.
Мұғалім — қоғам үшін құрметті де қажетті мамандықтардың бірі. Әрбір мұғалімнің шығармашылық әлеуеті бар және әр мұғалім қолдау мен құрметке лайық. Сыйлық мұғалімдердің ерекше жетістіктерін мойындап қана қоймай, оларға өсу мен өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік береді.
Байқау кез келген бастауыш және орта білім беру мектептерінің (орта мектептер, гимназиялар, лицейлер, жеке және мемлекеттік мектептер) мұғалімдері үшін ашық және елімізде рекордтық 20 миллион теңгеге тең жүлде қорына ие.
"Қазақстан мұғалімі" Ұлттық мыйлығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.
Ол 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры бар «Әлем мұғалімі» Жаһандық сыйлығының (Global Teacher Prize) ұлттық кезеңі болып табылады. Бұл жоба аясында қазақстандық мұғалімдер әлемнің үздік 50 мұғалімнің қатарына екі рет кірді!
Тарихтың бөлігі болыңыз! Қазақстан мұғалімі Ұлттық сыйлығының жеңімпазы атаныңыз!
Қатысу және сыйлық туралы қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтқа https://www.teachers-summit.org сілтемесі арқылы кіріңіз.