"Қазақстан мұғалімі" сыйлығының үздік педагогтері есімі белгілі болды
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының ТОП -10 финалистер есімі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Teacher’s Summit байқауы өз мәресіне жетіп Топ-10 үздік анықталды. Бұл шараға педагогтар, ғалымдар және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар жиналды.
Әлем деңгейіндегі үш жеңімпаз, Global Teacher Prize иегерлері Ранджицин Дисале (2020), Кейшиа Торп (2021) және Сестра Зеф (2023) өз тәжірибелерін бөлісті.
Сыйлық қоры 20 миллион теңге. ТОП-10 финалистері әрқайсысы 1 миллион теңгеден алды, сонымен қатар олар Global Teacher Prize жаһандық сыйлығына Қазақстан атынан үміткер ретінде ұсынылады. Халықаралық байқауда сыйлық қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.
Teacher’s Summit байқауына Қазақстанның барлық аймағынан 2200-ден астам мұғалім өтініш қалдырған, нәтижесінде 50 финалист таңдалып, олардан ТОП-10 үздік мұғалімі анықталды.
Бұл мұғалімдер тек жоғары академиялық жетістіктерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестері, азаматтық белсенділігі мен маңызды әлеуметтік жобалары арқылы қоғамға пайдалы жұмыстарын таныстырды.
Freedom Bank-тың қолдауымен ТОП-10 финалистері әрқайсысы 1 миллион теңге, ал жеңімпаз 10 миллион теңге көлемінде сыйақы алды. Сонымен қатар "Әлемдік білім аптасы" форумының ресми серіктесі Air Astana компаниясы екі бизнес-класс билетін кез-келген бағытқа сыйға тартты.
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының ТОП-10 финалистерінің есімдері:
Белоусова Татьяна Геннадьевна — Химия пәні мұғалімі, коммуналдық мемлекеттік мекеме "Школа-лицей № 95";
Шерцер Александр Иванович — Информатика пәні мұғалімі, Назарбаев Интеллектуалдық мектебі, физика-математика бағыты, Қостанай қаласы;
Джусамбаев Мирлан Төлегенұлы — Физика пәні мұғалімі-эксперт, Назарбаев Интеллектуалдық мектебі, физика-математика бағыты, Тараз қаласы;
Тобылбаев Еркин Теміржанұлы — Тарих пәні мұғалімі, жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейі № 72, Актөбе қаласы;
Шынтасова Гүлзат Бурабайқызы — Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Назарбаев Интеллектуалдық мектебі, Қызылорда қаласы;
Садыкова Салтанат Токтарханқызы — Информатика және математика пәні мұғалімі, №7 орта мектеп, Алтай қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;
Даулешяр Бақытәлі Даулетярұлы — Физика пәні мұғалімі, Асет Бейсеуов атындағы орта мектеп, Карғалы ауылы, Жамбыл облысы;
Чижевская Дарья Константиновна — Физика пәні мұғалімі, физика-математика мектебі "Tamos Education", Алматы қаласы;
Байсақов Нұржан Елубайұлы — Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, "Экономикалық лицей" ЖШС, Астана қаласы;
Жүніс Октябрина Амангелдіқызы — Математика пәні мұғалімі, №71 мектеп-лицейі, Астана қаласы.
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының бас жүлдесін – Белоусова Татьяна Геннадьевна ұтты.
Байқау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткенін еске сала кетейік.