Қазақстан мен Жапония ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан мен Жапония жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның Даму банкімен және бірнеше газ компанияларымен жаңа жобаларды талқылау шеңберінде еліміздің тұрақты дамуына елеулі үлес күтілуде.
JBIC Жапония Халықаралық ынтымақтастық банкінің төрағасы Хаящи Нобумицу жапондық компаниялар Қазақстанда бизнесті кеңейтуге үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
Біз Қазақстанның Даму банкімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоямыз. Бізде ұзақ уақыттан бері берік қарым-қатынас орнаған, оның аясында біз мұнай және газ саласындағы жобаларды қолдадық. Алдағы уақытта да ұзақ мерзімді қарым-қатынастарымызды жаңартып, нығайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл энергетика және басқа да секторларға қатысты, себебі біз экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанда әлеуетті мүмкіндік барын көріп отырмыз. Шетелдегі жапондық бизнес-қызметті қолдайтын ресми өкілдер ретінде біз жапон технологиясы мен ноу-хауды көбірек енгізгіміз келеді, - деп атап өтті Хаящи Нобумицу.