Қазақстан мен Жапония энергетика саласындағы жобалар бойынша келісімге келді
Қазақстан мен Жапония энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Кен Сайтомен энергетикалық өткелдерді өткізу аясындағы төменкөміртекті дамыту және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат Париж келісімінің мақсаттарына сәйкес келетін энергия ресурстары мен технологияларын, соның ішінде энергияны үнемдеу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қазақстан мен Жапония уран, мұнай және газ өндіру саласында қазірдің өзінде табысты ынтымақтастыққа қол жеткізгенін, сондай-ақ жапондық энергетикалық технологиялары енгізіліп жатқанын атап өтті.
Тараптар энергетика саласында, оның ішінде электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласында бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті жобалардың тізбесін қалыптастыру туралы келісімге келді.
Соның бірі – «Қазақстан Республикасындағы аккумуляторлық энергияны сақтау жүйесін пайдаланатын 500 МВт желэнергетикасы жобасы».
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі экономика саласына инвестиция тарту үшін тартымды жағдайлар жасауға барлық қажетті шараларды қабылдауда. Тараптар энергетика саласындағы басым бағыттар мен тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.