26 Тамыз 2026, 21:05
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан мен Вьетнам жаңа бірлескен киножобаларды іске қосуы мүмкін
Қазақстан мен Вьетнам кинематография саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуға ниетті.
ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Ча жаңа бастамаларды талқылады.
Ұсыныстардың қатарында — өзара кино апталықтарын өткізу, екі ел кинематографистерінің халықаралық фестивальдерге белсендірек қатысуы, сондай-ақ бірлескен түсірілімдерді ұйымдастыру бар.
Бұдан басқа, Қазақстан мен Вьетнам екі елдің аумағында бірлескен киножобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда.
Тараптар кинематографияны қазақстандық-вьетнамдық стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңдегі мәдени ынтымақтастығының перспективалы бағыттарының бірі ретінде қарастырады.