Қазақстан мен Вьетнам мәдени мұра мен туризмді біріктіреді
Қазақстан мен Вьетнам саяхатты, мәдениетті және шығармашылық индустрияларды біріктіретін креативті туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пен Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Ча ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Негізгі форматтардың бірі – туристерді дәстүрлі қолөнермен, әдет-ғұрыптармен және ұлттық асханамен танысу, сондай-ақ шеберлік сыныптары мен шығармашылық бағдарламаларға қатысу арқылы мәдени ортаға енгізу.
Бұдан басқа, тараптар кешенді туристік бағыттарды бірлесіп дамытуды ұсынды. Оларға Қазақстан мен Вьетнамның тарихи қалалары, мәдени мұра объектілері, мұражайлары, қолөнер орталықтары, фестивальдері мен заманауи мәдени кеңістіктері кіруі мүмкін.
Мұндай жобалар жаңа туристерді тартып қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени алмасуды кеңейтуге де көмектеседі деп күтілуде.