Қазақстан мен Үндістан СІМ басшылары Астанада келіссөздер жүргізді
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті аясында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкармен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жолдарын талқылап, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда энергетика, көлік, АТ, туризм, адами капитал мен климаттың өзгеруі бойынша пікір алмасты.
Үндістан делегациясының басшысы Қазақстанды ШЫҰ-ға табысты төрағалық етуімен құттықтады, сондай-ақ Қазақстан тарапының бастамаларын толық қолдайтынын және Үндістан басшылығының ізгі тілектерін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы