Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастық мәселелер талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Киевте Украинаның халық депутаты, Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі, Қазақстанмен достық тобының жетекшісі Сергей Нагорнякпен кездесті.
Украинаның халық депутаты Қазақстанның Үкіметі мен қоғамдық ұйымдар тарапынан көрсетілген гуманитарлық көмек үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.
Әңгімелесушілер Қазақстан мен Украина арасындағы одан әрі парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Олар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы белсенді байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бағаны ұстап тұру үшін елордаға 3 мың тонна көкөніс жеткізіледі
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы