Қазақстан мен Түркия үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан үкіметі мен Түркия үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің басты бағыттары:

- Оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы.
- Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
- Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру.
- Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу.
- Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
- Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады.

Сондай-ақ сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы