Қазақстан мен Түркия гидротехникалық құрылыстарды бірлесіп жүзеге асырады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов TEMELSU түрік компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.

Кәсіпорын жобалау жұмыстарының барлық кезеңдерінде инженерлік-консультациялық қызмет түрлерін, инженерлік-геологиялық барлау, құрылыс кезінде авторлық және техникалық қадағалау қызметтерін көрсетеді.

Нұржан Нұржігітов түрік компаниясына Қазақстанда іске асырылып жатқан бірқатар ауқымды жобаларға техникалық және жобалық құжаттаманы әзірлеумен айналысуды ұсынды. Мысалы, Ислам Даму банкімен 53 су қоймасын, 133 гидротехникалық құрылысты және 7 мың шақырымнан астам суару жүйесін жоспарлы жөндеуге қаржы ұйымының қатысуы бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ министр түрік сарапшыларына бірлесіп жұмыс істеу және тәжірибе алмасу үшін Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Техникалық құжаттама кез келген жобаны сапалы іске асырудың кепілі болып табылады. Су инфрақұрылымы да ерекше емес. Ислам Даму банкімен және басқа да халықаралық ұйымдармен серіктестік орнатқан TEMELSU компаниясының тәжірибесі осы жобаларды сапалы іске асыруға көмектеседі деп санаймын. Сондықтан ұзақ және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз, себебі сіздің компания Қазақстанда және басқа да Орталық Азия елдерінде сәтті жобаларды іске асырды, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Өзгелердің жаңалығы