Қазақстан мен Түркия бизнестегі байланысты нығайтпақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түрік және қазақстандық бизнесмендер Ассоциациясының басқарма төрағасы Аббас Шахинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар түрік инвесторларының қазіргі жобаларын іске асыру барысын талқылап, түрік және қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру және нығайту жөніндегі пікірлермен алмасты.

Роман Скляр мемлекет инвесторлардың мәселелерін шешуге үлкен назар аударып отырғанын және жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Түрік және қазақстандық кәсіпкерлер Ассоциациясының басқарма төрағасы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.

Кездесу қорытындысында өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге бағытталған алдағы қадамдар айқындалып, бұл сөзсіз екі ел арасындағы бизнес пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы