Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Әскери атташесі полковник Фатих Паламен кездесті.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар әскери ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде жауынгерлік даярлық пен әскери білім беру саласының жай-күйін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы