Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефонмен сөйлесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы